08.09.2017, 16:15 8122

Қызылорда қаласында республиканыӊ 3 өӊіріндегі пилоттық жоба шеӊберінде 2-ші сынып оқушылары шахмат сабағынан білім алады

"Пилоттық жоба өз нәтижесін берсе, 2020 жылы барлық білім ұяларындағы 2 сыныптарына шахмат пәні енгізілмек", - дейді Марат Есенов.

Қызылорда. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биылдан бастап Қызылорда қаласында 4 мектептіӊ 2-ші сынып оқушылары шахмат сабағынан білім алады. Жаӊа жоба туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ көшпелі баспасөз конференциясында Қазақстан шахмат федерациясыныӊ вице президенті, Қызылорда шахмат федерациясыныӊ президенті Марат Есенов мәлімдеді.

Бүгінгі таӊда "Мектептегі шахмат" пилоттық жобасы республиканыӊ 3 өӊірінде, яғни Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарында жүзеге асуда. Шахмат федерациясыныӊ басты мақсаты болашақта барлық білім ордаларында 2-сынып оқушыларына аптасына бір рет шахмат пәнін енгізіп, осы ойынныӊ қыр-сырын үйрету. Бүгінде пилоттық жоба аясында аймақтағы 4 мектептіӊ 2-сынып оқушылары шахматтыӊ қыр-сырын үйренуге машықтануда.

"Мектептегі шахмат" жобасына жаӊа оқу жылында "Мұрагер" дарынды балалар мектебі, №3 мектеп лицейі, №198, №278 орта мектептердіӊ қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын сыныптардыӊ оқушылары экспериментке енді.

"Пилоттық жоба өз нәтижесін берсе, 2020 жылы барлық білім ұяларындағы 2 сыныптарына шахмат пәні енгізілмек", - дейді Марат Есенов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны