25.09.2017, 19:44 4596

Қызылорда қаласында заӊсыз жалға берілетін үйлердегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін күшейтілген жүйеде жұмыс жүргізілуде

Қазіргі таӊда аталған аумақта, яғни Өсербаев көшесінде күндізгі уақытта 2 учаскелік полиция инспекторы, түнде 5 учаскелік полиция инспекторы күшейтілген жүйеде қызмет атқаруда.

Қызылорда. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жергілікті полиция қызметініӊ ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Өсербаев көшесініӊ бойында орналасқан пәтер тұрғындарымен кездесу жиыны өткізілді. Жиын барысында қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметініӊ бастығы полиция майоры Ермек Құдайбергенов осы мәселеге қатысты тұрғындардыӊ арыз-шағымдарын тыӊдап, өткен жиыннан бері, яғни 10 күндікте атқарылған жұмыстар жайын сөз етті.

Қазіргі таӊда аталған аумақта, яғни Өсербаев көшесінде күндізгі уақытта 2 учаскелік полиция инспекторы, түнде 5 учаскелік полиция инспекторы күшейтілген жүйеде қызмет атқаруда.

Учаскелік полиция инспекторларымен және құзырлы органдармен бірлескен түрде тексеру жұмыстары жүргізіліп, есепті мерзімде заӊсыз жалға берілетін 21 пәтер анықталып, олар бойынша Қызылорда қалалық кірістер басқармасына ұсыныстар жолданды.

Сонымен қатар, есепті мерзімде түн тыныштығын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 437-бабына сәйкес 5 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылса, белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 27 тұлға ҚР Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 204-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетерлік жайт, жиын барысында кей тұрғындар бұл бағытта атқарылу қажет мәселелер жайлы ұсыныс-пікірлерін білдіріп, қалыпты күн көруіне кері ықпал ететін факторларды сөз етсе, кей тұрғындар аталған аумақтағы бұл мәселе біршама өзгеріп, жергілікті полиция қызметкерлері мен басқа да құзырлы орган тарапынан атқарылып жатырған жұмыстардыӊ нәтижесінде жағдай түзеліп келе жатқандығын атап өтті.

Ал, Жергілікті полиция қызметі мұнымен тоқтап қалмайтынын, тұрақты түрде күшейтілген жүйеде жұмыстар жүргізіле беретінін жеткізді, деп хабарлайды Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны