26.05.2017, 16:01 5301

Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктердіӊ қозғалысын қадағалауға арналған орталықтандырылған диспетчерлік қызмет ашылады

Сондай-ақ, рейд барысында ұйымдастырушылар тарапынан қоғамдық көліктерге қатысты халықтан шағымын қабылдайтын сенім телефондарыныӊ номерлері автобустарға ілінді.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктердіӊ қозғалысын қадағалауға арналған орталықтандырылған диспетчерлік қызмет ашылады. Бұл туралы қоғамдық көліктерге жүргізілген рейд барысында Автобус паркі директорыныӊ орынбасары Қанат Рахметов мәлімдеді.

№1, №11, №17, №18 бағыттағы қоғамдық көліктердіӊ жұмысын бақылау мақсатында Қызылорда облысы "Азаматтық Альянсы" қауымдастығы рейд ұйымдастырған болатын. Рейдте автобус салондарыныӊ тазалығы бақыланып, көше бойында жылдамдықты арттыру мен белгіленбеген орындарға тоқтаудыӊ қауіптілігі туралы айтылды. Бақылаушылардыӊ құрамында автопарк қызметкерлері, ҮЕҰ, Азаматтық Альянс қауымдастығыныӊ мүшелері мен БАҚ өкілдері бар.

- Жүргізушілер бір-бірімен жарысып, белгіленбеген орындарға тоқтап, көше қозғалысына қолайсыздық тудырып жатады. Оларға өздері тарапынан кеткен қателіктерге үнемі ескертулер жасалғанмен, оны кейбірі орындай бермейді. Осы жылдыӊ шілде айында жаӊа автобус паркі ашылып, орталықтандырылған диспетчерлік қызмет арқылы жүргізушілердіӊ қозғалысы бақылауға алынатын болады, - дейді Қанат Рахметов.

Сондай-ақ, рейд барысында ұйымдастырушылар тарапынан қоғамдық көліктерге қатысты халықтан шағымын қабылдайтын сенім телефондарыныӊ номерлері автобустарға ілінді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны