14.06.2017, 13:48 4228

Қызылорда қаласындағы мектеп-интернатта дарынды балаларға аттестат тапсыру кеші өтті

2016 - 2017 оқу жылында 39 оқушы мектеп бітіріп жатыр. Мемлекеттік қорытынды аттестатау нәтижесінде сегіз "Алтын белгі" , бір "Үздік аттестат" иегері шықса, он бес оқушы сынақты "өте жақсы" , 9 шәкірт "жақсы" деген бағаға тапсырды.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласындағы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында түлектерге арналған "Бала шақтан - болашаққа" атты аттестат тапсыру кеші өтті.

Дарынды мектеп - талай алтын, жұлдызды, үлгілі түлектерді түлеп ұшырған білім ордасы. 2016 - 2017 оқу жылында 39 оқушы мектеп бітіріп жатыр. Мемлекеттік қорытынды аттестатау нәтижесінде сегіз "Алтын белгі" , бір "Үздік аттестат" иегері шықса, он бес оқушы сынақты "өте жақсы" , 9 шәкірт "жақсы" деген бағаға тапсырды.

Аттестат тапсыру рәсіміне облыстық білім басқармасыныӊ өкілдері мен еӊбек ардагерлері, ата-аналар, педагогикалық ұжым қонақтары қатысты.

Дарындылар талабына ақ жол тілеген білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Құралай Ерташова түлектерге аймақ басшысыныӊ құттықтауын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны