04.05.2017, 16:01 9352

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығына арналған "Жайнай бер, Қызылорда" атты республикалық суретшілер симпозиумы өтті

Сырдыӊ қасиетті де қастерлі топырағы көркемөнер саласында атағы көпке жайылған таланттарды дүниеге әкелді. Қазақтыӊ тұӊғыш ұлттық драма театрыныӊ сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерініӊ дамуына үлес қосып, қайталанбас өнер өрнегімен айрықша із қалдырды.

Қызылорда. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Сыр өӊірінде бір апта бойы қаланыӊ 200 жылдығына арналған "Жайнай бер, Қызылорда" атты республикалық суретшілер симпозиумы өтті. Қазақстанный 10 аймағынан келген қылқалам шеберлері облыстыӊ тарихи орындарын аралап, көркем жерлерді туындыларына арқау етті.

3 мамыр күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев симпозиумға қатысушылардыӊ көрмесін тамашалап, оларға аймақ тарихына қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдірді.

-Сырдыӊ қасиетті де қастерлі топырағы көркемөнер саласында атағы көпке жайылған таланттарды дүниеге әкелді. Қазақтыӊ тұӊғыш ұлттық драма театрыныӊ сахна көркемдеушісі болған халық шебері Ләтипа Хожықовадан бастап, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Хожықовтар, Сахи Романов пен Салихитдин Айтбаевтар қазақ бейнелеу өнерініӊ дамуына үлес қосып, қайталанбас өнер өрнегімен айрықша із қалдырды. Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласы арқылы "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Туған жерге, оныӊ мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іӊкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмніӊ көрінісі. Осы орайда, Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық мерейтойына қалдырған қолтаӊбаларыӊыз үшін Сіздерге алғысымды білдіремін,- деді облыс әкімі.

Сонымен қатар симпозиумда Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, ҚР Суретшілер Одағыныӊ мүшесі Өсербай Шоранов сөз сөйледі. Содан соӊ келушілер симпозиум қатысушыларыныӊ көрмесін аралады. Алдағы уақытта бұл туындылар Қызылорда көркемсурет галереясындағы экспонаттар қатарын толықтырмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны