30.04.2017, 23:06 8522

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығына орай "Жайнай бер, Қызылорда!" атты республикалық суретшілер симпозиумы ашылды

Көркемсурет галереясында Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығына орай "Жайнай бер, Қызылорда!" атты республикалық суретшілер симпозиумыныӊ ашылу салтанаты болып өтті.

Қызылорда. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Көркемсурет галереясында Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдығына орай "Жайнай бер, Қызылорда!" атты республикалық суретшілер симпозиумыныӊ ашылу салтанаты болып өтті.

Онда сөз алған облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов қылқалам өнерініӊ ұлттық руханияттағы алар орнына тоқталды. Сырдағы симпозиум аясында бас қосқан суретшілерге табыс тіледі.

Облыс әкімініӊ тікелей қолдауымен өткізіліп отырған симпозиумға Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Өскемен қалаларынан Қазақстанға танымал қылқалам шеберлері, сондай-ақ, жергілікті суретшілер қатысуда.

Қазақстан Суретшілер одағыныӊ облыстық филиалы жетекшісі Амангелді Кененбаевтыӊ айтуынша республикалық симпозиумныӊ Сырда өткізілуі үлкен табыс. Талант иелері бас қосқан шарада бейнеленген картиналар көркемсурет галереясына сыйға беріледі.

Бүгін симпозиум қонақтары Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кешенінде болып, құрбандық шалды. Аруақтар рухына арнап Құран оқыды. Осыдан кейін ғана пейзаждар мен этюдтер салуға кірісті.

Қылқалам шеберлері осыдан кейін Жаӊақорған ауданына барады. Үшінші мамыр күні болатын шара қорытындысына орай көркемсурет галереясында көрме өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны