21.08.2017, 16:23 9305

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық төлтаӊбасын әзірлеуге арналған ашық байқау өтеді

Осы жылдыӊ 21 тамыз бен 21 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық төлтаӊбасын әзірлеуге арналған ашық байқау өтеді. Эмблема қаланыӊ ресми символы болатындықтан, төлтаӊбада Қызылорда қаласыныӊ өткені мен бүгінін, келешегін айқын бейнелейтін көріністер қамтылуы қажет. Бас жүлдеге 500 мыӊ теӊге көлемінде сыйақы беріледі. Ал белсенді қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Көкшетау. 21 тамыз. Kazakhstan Today - Келер жылы Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Айтулы мерекеге орай кеӊ көлемді шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Қызылорда облыстық Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қала әкімініӊ орынбасары Шахмардан Байманов мәлімдеді,- деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Осы жылдыӊ 21 тамыз бен 21 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық төлтаӊбасын әзірлеуге арналған ашық байқау өтеді. Эмблема қаланыӊ ресми символы болатындықтан, төлтаӊбада Қызылорда қаласыныӊ өткені мен бүгінін, келешегін айқын бейнелейтін көріністер қамтылуы қажет. Бас жүлдеге 500 мыӊ теӊге көлемінде сыйақы беріледі. Ал белсенді қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Биылғы қала күні 22-30 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарлануда. Осыған орай, мерекеде Қызылорда қаласыныӊ туын көтеру рәсімі және "Чемпионмен жаттығу" атты спорттық-мәдени шарасы, "Қызылорда қаласы туған күн кубогі" үшін көӊілді тапқырлар алаӊы, "Шабыт алаӊы" атты ақындар фестивалін ұйымдастырып, қорытындысымен елге танылмай және танылып жүрген ақындардыӊ жаӊа өлеӊдер жинағына шығармалар іріктеліп, кітап шығарылады.

Қала әкімініӊ орынбасары Шахмардан Асқарұлы: "Мерекеге аясында "Қызылорда меніӊ жастық шағым" атты ашық аспан астындағы кездесу кеші және "Кітап бульвары" атты кітаптар жәрмеӊкесі өткізіледі. Қала тұрғындары Сыр-Ана монументінде "ЭТНОАРТФЕСТ" ұлттық фестивалін, "Аспаздар шайқасы" атты аспазшылар, дәстүрлі ІІІ Қымыз, шұбат және Қауын - қарбыз фестивальдерін, қала аумағындағы жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарыныӊ дәстүрлі "Өнер фестивалі" мәдени шарасын тамашалай алады",- деді.

"Сүйікті қалам Қызылорда" атты фото - суретшілердіӊ байқауы, қала әкімініӊ "Мереке" вокалды - аспапты ансамблініӊ концерті және Қазақстан эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен гала концерт, отшашу ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны