15.02.2007, 18:15 4750

Қызылорда қаласының әкімі ауысты

ҚЫЗЫЛОРДА. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед Қызылорданың жаңа әкімін таныстырды. Қызылорда әкімі болып Серік Қожаниязов тағайындалды. Ол соңғы екі жылда Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментін басқарған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылордада дүниеге келген. Кемерово қаласындағы Кузбасс политехникалық институты мен Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттік университетін бітірген. Инженер-технолог қызметін, жөндеу-механикалық зауытта шебер, шағын кәсіпкерлік директоры болып қызмет атқарған. 2001-2004 жылдары Қызылорда облысының әкімшілігінің индустриялық дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарып, 2005 жылдың қарашасынан бері Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментін басқарған.

Бұрын облыс орталығын Имамадин Оңғарбаев басқарған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны