10.03.2017, 18:25 6024

Қызылорда қаласыныӊ әкімі халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

Мерекелік шараға 200 - ге жуық нәзікжанды қатысты. Олардыӊ арасында Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері, еӊбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласыныӊ үздіктері, ұлттық - мәдени орталықтардыӊ мүшелері, журналистер мен құқық қорғау саласыныӊ қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әр түрлі салада жемісті еӊбек етіп жүргендер бар.

Қызылорда. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласыныӊ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халықаралық әйелдер күніне орай "Астана" мейрамханасында салтанатты қабылдау өткізді.

Мерекелік шараға 200 - ге жуық нәзікжанды қатысты. Олардыӊ арасында Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері, еӊбек ардагерлері, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласыныӊ үздіктері, ұлттық - мәдени орталықтардыӊ мүшелері, журналистер мен құқық қорғау саласыныӊ қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, білім беру мекемелері секілді әр түрлі салада жемісті еӊбек етіп жүргендер бар.

Шара барысында қала әкімі Н.Нәлібаев жүрекжарды лебізін жеткізіп, салтанатты шараға қатысып, көӊілге көктем сыйлаған жандарға алғысын айтты.

Өз кезегінде, салтанатты шараға қатысқан ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер Сыр өӊірініӊ бас шаһары - Қызылорда қаласында соӊғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстарға, өӊірімізде орын алған оӊ өзгерістерге тоқталып, осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыстары мен аналық ақ тілектерін жеткізіп жатты.

Салтанатты жиын барысында жергілікті өнерпаздар барша қатысушыларға мерекелік көӊіл-күй сыйласа, бүлдіршіндер де аяулы жандарға әсем әндерін арнады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны