03.07.2017, 13:52 4378

Қызылорда қаласыныӊ прокуратурасы мүгедектердіӊ жолақысыз тегін жүруін қамтамасыз етті

Қызылорда қалалық прокуратурасы "Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық" атты жобасы белсенді іске асыруда

Қызылорда. 3 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда қалалық прокуратурасы "Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық" атты жобасы белсенді іске асыруда.

Уәкілетті органдардыӊ лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мүгедектер, оныӊ ішінде "Қазақ соқырлар қоғамы", "Ұшқын" қоғамдық бірлестіктерініӊ өкілдерімен бірге жұмыс тобы құрылды.

Оныӊ негізгі мақсаты - "достық" платформасын құру арқылы мүгедектердіӊ мұқтаждарын біліп, уәкілетті органдармен бірге қандай да бір сөзбұйдаға салмай, оларды шешу болып табылады.

Бүгінгі күнде, осы плаформа аясында мүгедектердіӊ құқықтарын шектейтін бірқатар мәселелердіӊ беті ашылды.

Мәселен, "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігі өкілдерініӊ қоғамдық көліктерде жолақы төлеу мәселесі бойынша уәждері расталды.

Қызылорда қаласыныӊ прокуроры М.Досмағанбетов жергілікті атқарушы органыныӊ қызметкерлері және автобус паркі өкілдері арасында 2013жылы тасымалдау туралы шарт жасалған кезінде, ҰОС ардагерлері және көру қабілетi бұзылған мүгедектері тегін тасымалданатыны туралы келісім орын алғанын жеткізді.

Дегенмен, бұл мәселе келісім-шартта көрсетілмей қалу салдарынан, тасымалдаушылар мүгедектерден жолақы талап етуде, осылайша соӊғылар арасында дау орын алған.

Қалалық прокуратураныӊ ұсынысы бойынша тасымалдау туралы шартқа өзгерістер енгізіліп, көру қабілетi бұзылған І-топтыӊ 305 мүгедегі және ҰОС 24 ардагері қоғамдық көлікті тегін пайдаланатын болды,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны