12.05.2017, 14:23 5594

"Қызылорда керуені" қайырымдылық көмегі жөнелтілді

Ақтөбе қаласында орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге ел болып көмек қолын созу жұмыстары жүргізілгені көпшілікке белгілі. Осы мақсатта ұйымдастырылған шараға орталық мешіт ұжымы, қалалық мешіт ұжымдары және жамағат барынша белсенділікпен атсалысты.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - ҚМДБ-ныӊ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітініӊ ұйымдастыруымен "Қызылорда керуені" атты қайырымдылық шарасы өткізілді.

Ақтөбе қаласында орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге ел болып көмек қолын созу жұмыстары жүргізілгені көпшілікке белгілі. Осы мақсатта ұйымдастырылған шараға орталық мешіт ұжымы, қалалық мешіт ұжымдары және жамағат барынша белсенділікпен атсалысты.

Мұсылман мұсылманға бауыр екенін сезінетін жергілікті халық Ақтөбелік ағайындарға көмек ретінде азық-түлік, тұрмыстық қажеттіліктер, киім-кешектер жинақтап, көлікті Ақтөбе қаласына аттандырды.

Ақтөбе қаласындағы әріптестермен орнатылған байланыс нәтижесінде көмек мақсатты жеріне жеткізіліп, ризашылық білдірілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны