Система Orphus

Қызылорда мемлекеттік университеті әскери кафедрасында 2016 жылдан бастап қыздар да қабылданды

11.05.2017, 15:43 1740

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті әскери кафедрасыныӊ ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ 25 жылдығына арналған "Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштерініӊ жеке құрамын жаӊа Қазақстандық патриотизмге тәрбилеу: жетістіктері мен проблемалары" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

Дөӊгелек үстелге кафедра студенттерімен қатар Қызылорда облысыныӊ қорғаныс істері жөніндегі департаментініӊ бастығы полковник М.Ш.Даулетбахов "Қазақстан Республикасыныӊ қарулы күштерініӊ жеке құрамын жаӊа Қазақстандық патриотизге тәрбилеу: жетістіктері мен проблемалары" тақырыбында баяндама оқыса, Искери комендатура комендантыныӊ аға көмекшісі - аға лейтенант Е.Н.Жақсылық "Патриотическое воспитание молодежи" тақырыбына кеӊінен тоқталды. 36739 әскери бөлімініӊ кезекшілік ауысымыныӊ бастығы, капитан А.Б.Елеулиев "Жастарды патриотық сезімді қалыптастыру бағыттары" барысында әӊгіме өрбітті.

Сонымен қатар, ҚМУ университеті әскери кафедра аға оқытушысы подполковник Б.М.Бекниязов подполковник Н.Ө.Увайдаев және оқытушылары майор Б.Ердигаликов, майор Ш.Ш.Уксикбаев, майор С.М.Кенжегуловтар баяндама оқыды.

Естеріӊізге сала кетейік, әскери кафедра оқытушылары сан мыӊдаған ер студенттерге әскери саланыӊ қыр-сырларын үйретіп, Отан алдындағы антына берік болуға тәрбиеледі. Қазіргі таӊда офицер шеніне ие болған ер-азаматтар әр салада қызмет атқаруда.

2016 жылдан бастап, әскери кафедраға жігіттермен қатар, қыздар да қабылданды. Қазіргі таӊда қаржы саласында білім алып жатқан 12 қыз кафедрада білім алуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны