13.07.2017, 15:23 4079

Қызылорда Мемлекеттік университетінде білім бағдарламаларыныӊ мазмұнын жаӊарту тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудіӊ заманауи талаптарына сәйкес білім бағдарламаларыныӊ мазмұныныӊ жаӊартылуы" тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Қызылорда. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудіӊ заманауи талаптарына сәйкес білім бағдарламаларыныӊ мазмұныныӊ жаӊартылуы" тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарда академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Ж.Майгелдиева "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудіӊ мазмұныныӊ жаӊартылуы", "Педагогтіӊ кәсіби стандарты" және "Студентоцентрированное обучение и практико-ориентированный подход" тақырыптарында баяндама жасады.

Оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімініӊ бастығы А.Мұхамбетжан "Ағылшын тілінде білім бағдарламаларын құрастыру" тақырыбында хабарлама жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті-Елбасы қорыныӊ ұйымдастыруымен өткен "Ғылыми зерттеу жобаларын коммерциализациялау және басқарудыӊ өзекті мәселелері" атты жазғы мектеп қатысушылары, ақпараттық технологиялар және инновациялық даму басқармасыныӊ бастығы Қ.Дәуренбеков және "Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер" кафедрасыныӊ меӊгерушісі С.Ибадулла, "Business-START" инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығыныӊ жетекшісі Ж.Оразмахановтар "Ранжирование образовательных программ в Казахстанских вузах по подготовке IT кадров" және "Коммерциализация бизнес-идей и командных проектов обучающихся вуза" тақырыптарында семинар-тренингтер өткізді.

Семинар барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірталас жүргізіп, тақырыптарды талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны