24.04.2017, 15:49 4724

Қызылорда мемлекеттік университетінде ЖОО студенттері арасында журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі IX республикалық пәндік олимпиада өтуде

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарыныӊ студенттері арасында журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі IX республикалық пәндік олимпиада өтуде. Білім сайысында республиканыӊ әр өӊірінен 13 жоғарғы оқу орнынан жалпы саны 36 білімгер бақ сынауда.

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарыныӊ студенттері арасында журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі IX республикалық пәндік олимпиада өтуде. Білім сайысында республиканыӊ әр өӊірінен 13 жоғарғы оқу орнынан жалпы саны 36 білімгер бақ сынауда.

Болашақ журналистер алдымен оқу ғимаратында орналасқан "Археология және этнография", "Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан" оқу-көрме залдарымен танысты. Сыр өӊірінідегі тарихи мекендер туралы мол мағлұмат алып, тұӊғыш президенттіӊ Қызылордаға келген сапарынан фотогалерия арқылы хабардар болды. Сондай-ақ, студенттеролимпиада шеӊберінде білім ұясындағы "Физика-химиялық талдау әдістері" инженерлік зертханасында болды.

Түстен кейін поэзияға құмар жастар оқу орнындағы журналистика мамандығыныӊ 20 жылдық мерейтойы аясында жас ақындар- 4 курс студенті Мақсат Дауылбай мен 2 курс студенті Бақытбек Сұлтанбейбарыстыӊ шығармашылық кешіне қатысты.

Айта кетейік, Сыр бойындағы Қорқыт баба атын иемденген 80 жылдық тарихы бар осынау айтулы университет былтыр ғана әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен VІІІ пәндік олимпиадада 1-ші орынға ие болып, дәстүрлі бәсекені Қызылордада өткізу құқын жеӊіп алған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны