03.05.2017, 15:10 3999

Қызылорда мемлекеттік университетініӊ 80 жылдығына орай республикалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды

Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ 80 жылдығына орай "Мәӊгілік Ел жастары - ұлы мұрат жолында" тақырыбындағы республикалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.

Қызылорда. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ 80 жылдығына орай "Мәӊгілік Ел жастары - ұлы мұрат жолында" тақырыбындағы республикалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.

Турнирге облыстан және еліміздіӊ өзге де аймақтарынан пікірсайышылар жиналып, шара барысында Елбасыныӊ Жолдауын насихаттау бойынша жұмыстарын жүргізіп, тыӊ идеяларға толы озық ойларымен бөлісті.

Атап айтқанда, Қарағанды мен Көкшетаудыӊ, Қостанай мен Павлодардыӊ, Алматы мен Астананыӊ, Семей мен Өскеменніӊ, Орал мен Ақтөбеніӊ, Тараз бен Шымкенттіӊ, қасиетті Түркістан мен Сыр елі - Қызылорданыӊ беделді пікірсайысшылары бақ сынасып, республикалық деӊгейде кросс-платформалық кеӊістік қалыптастыруға үлес қосты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны