27.02.2007, 12:22 3166

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 27-ақпан. Kazakhstan Today. Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл орынға ҚР Жоғарғы соты аппаратының жетекшісі болған Бейбіт Жүсіпов отырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Икімнің бірінші орынбасары ретінде Б.Жүсіпов облыстағы құқық қорғау мекемелерінің іс-қызметін жауаптанып, барлық мәселелер бойынша өңір басшысын алмастыратын болады.

"Бейбіт Жүсіпов сенат депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттің хатшысы, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде республиканың заңнамалық базасын жетілдіруге лайықты үлес қосты десек асыра айтқандық емес",- деді кеше облыстық активтің жиынында осы тағайындау туралы түсініктеме берген өңір басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед.

М.Құл-Мұхаммед әкімшіліктегі ауыс-түйістерді қорытындылады. "Арал өңіріндегі аудандың 8 басшысының бесеуі өз орындарында қалды. Облыстық департаменттер мен басқармалардың 21 жетекшісінің 13-і өз лауазымдарын сақтап қалды",- деді әкім.

"Бүгін біздің облыстың билік құрылымдарында түрлі буын өкілдері өз біліктілігі мен біліміне қарай теңдей таратылып тағайындалған",- деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны