17.05.2017, 14:30 5292

Қызылорда облысы Ақсуат ауылдық округініӊ әкіміне Мәмбетәлі Ақмырзаев сайланды

Өткізілген сайлау қорытындысында Мәмбетәлі Ақмырзаевтыӊ кандидатурасы қолдау тауып, ол ауылдық округініӊ әкімі қызметіне сайланды. Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжаппарұлы 1978 жылдыӊ 13 қарашасында Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Ақсуат ауылдық округініӊ әкімі қызметін атқарған Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы басқа қызметке ауысуына байланысты, жаӊадан ауыл әкімініӊ сайлауы тағайындалған болатын.

Осыған сәйкес округ әкімін сайлау жөніндегі таӊдаушылар отырысы өткізілді.

Өткізілген сайлау қорытындысында Мәмбетәлі Ақмырзаевтыӊ кандидатурасы қолдау тауып, ол ауылдық округініӊ әкімі қызметіне сайланды.

Ақмырзаев Мәмбетәлі Сейтжаппарұлы 1978 жылдыӊ 13 қарашасында Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еӊбек жолын 2003 жылы Қылмыстық атқару жүйесі Комитетініӊ Қызылорда облысы бойынша басқармасыныӊ аға бақылаушысы ретінде бастаған.

2005-2010 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментініӊ жетекші маманы, бас маманы;

2010-2013 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ бөлім басшысы;

2013-2016 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ бөлім басшысы;

2016 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратыныӊ бас инспекторы қызметін атқарып келді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны