30.06.2017, 15:59 9617

Қызылорда облысы Арал ауданында нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында акция ұйымдастырылды

Аталмыш шараны аудандық жастар денсаулық орталығыныӊ дәрігері Н.М.Тұрмағамбетұлы ашып, қоғам дертіне айналған нашақорлықтан жастарды аулақ болуға шақырды.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында аудандық аурухана мен "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ніӊ ұйымдастыруымен қалалық демалыс саябағында акция өткізілді.

Аталмыш шараны аудандық жастар денсаулық орталығыныӊ дәрігері Н.М.Тұрмағамбетұлы ашып, қоғам дертіне айналған нашақорлықтан жастарды аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар, нарколог-дәрігер есірткініӊ қауіптілігі, адам денсаулығына зияны туралы баяндама жасады. "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ніӊ директор И.Ізбасаров аудан тұрғындары мен жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырды. Ұйымдастырушылар тарапынан брошюралар таратылды. Арнайы концерттік бағдарлама барысында әсем әндер айтылып, тұрғындар ерекше көӊіл күймен тарады.

Сондай-ақ орталық базар маӊында нашақорлықтыӊ алдын алу жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жұмыстары жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны