04.07.2017, 13:31 4853

Қызылорда облысы Арал ауданында жаӊа мешіт ашылды

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Қосжар ауылдық округінде "Ізімбет ахун" мешітініӊ ашылу салтанаты болды

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Арал ауданындағы Қосжар ауылдық округінде "Ізімбет ахун" мешітініӊ ашылу салтанаты болды.

Ауылдыӊ зиялы қауым өкілдері, ауылдыӊ барша тұрғындары жиналған салтанатты жиын аудандық орталық мешіттіӊ бас имамы Съезбек Рахметтегініӊ қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды. Бас имам барша жиылғандарды құттықтап, өз лебізін білдірді.

- "Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаӊа мешіт имандылықтыӊ темірқазығына айналсын. Құдайға құл, адамға ұл болуды, имандылықты ту етуді мақсат тұтуымыз керек, - деген бас имам мешіт кітапханасына еӊ үлкен сыйлық - қасиетті Құран Кәрім тарту етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны