02.03.2017, 14:10 4741

Қызылорда облысы Арал ауданыныӊ ауылдарында жаӊадан салынған дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді

Ауданныӊ Аманөткел, Қаратереӊ ауылдарында жаӊадан салынған дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді. Құны 101 млн теӊгеден астам қаржыны құрайтын ғимарттар заман талабына сай жабдықталған.

Қызылорда. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Биылғы жыл 80 мыӊнан астам халқы бар Қызылорда облысы Арал ауданыныӊ тұрғындары үшін сәтті басталуда.

Денсаулық сақтау саласы бойынша бірнеше жаӊалықтар орын алып, медициналық көмектіӊ қолжетімділігі артуда. Ауданныӊ Аманөткел, Қаратереӊ ауылдарында жаӊадан салынған дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.

Құны 101 млн теӊгеден астам қаржыны құрайтын ғимарттар заман талабына сай жабдықталған. Дәрігерлік амбулаторияларда 15 медицина қызметкері жұмыс жасайды. 10 төсек орынға арналған күндізгі емдеу бөлімі ашылған, дәрі-дәрмектермен толық қамтылған.

Емдеу мекемелерініӊ салтанатты ашылуына облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Ақмарал Илназарова мен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты. Шарада келер жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға байланысты туындаған тұрғындар сауалдарына жауап берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны