12.06.2017, 18:20 3351

Қызылорда облысы Арал ауданыныӊ тұрғындары "ЭКСПО-2017" көрмесін тамашалауға аттанды

Ауданнан алғашқы лекте көрмені тамашалау үшін 50 адамға мүмкіндік жасалынған. Олар білім, мәдениет, спорт саласы және аудан әкімдігі аппараты қызметкерлері. Бүгінгі күнге дейін ауданда "ЭКСПО-2017" көрмесіне 5232 билет сатып алынған.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға аралдықтардыӊ алғашқы легі аттанды. Осыған орай теміржол вокзалында оларды шығарып салу салтанаты ұйымдастырылды. Шарада аудан әкімініӊ міндетін атқарушы Ж. Илішева халықаралық көрменіӊ маӊыздылығына тоқталып, сапарға шыққандарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Д. Мадинов лебізін білдіріп, аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы К. Айбосынов жолаушыларға бата берді

Ауданнан алғашқы лекте көрмені тамашалау үшін 50 адамға мүмкіндік жасалынған. Олар білім, мәдениет, спорт саласы және аудан әкімдігі аппараты қызметкерлері. Бүгінгі күнге дейін ауданда "ЭКСПО-2017" көрмесіне 5232 билет сатып алынған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны