09.06.2017, 18:25 4602

Қызылорда облысы Арал қаласыныӊ тұрғыны ескі көліктен джип құрастырды

Бұл көлiктi Ертай Илiмбеттiӊ әкесi осыдан 70 жыл бұрын Ресейден алып әкелiптi. Сол уақыттан берi тұрмысқа пайдаланылып келедi. 2007 жылы рақымшылық аясында көлiгiнiӊ құжаттарын заӊдастырып алыпты.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Арал қаласыныӊ тұрғыны Ертай Илiмбеттi жергiлiктi халық жақсы таниды. 1947 жылы шығарылған Газ-67 маркалы автокөлiгiн жарамды етiп айдап жүрген азаматтыӊ шеберлiгi расымен таӊғалдырады.

Бұл көлiктi Ертай Илiмбеттiӊ әкесi осыдан 70 жыл бұрын Ресейден алып әкелiптi. Сол уақыттан берi тұрмысқа пайдаланылып келедi. 2007 жылы рақымшылық аясында көлiгiнiӊ құжаттарын заӊдастырып алыпты.

"Бұл көлiктi бала кезiмiзден жүргізіп келе жатырмыз. Көшеде кетiп бара жатсаӊ, бәрi таӊғалып қарайды. Шаруашылыққа өте қолайлы. Бұзылған жерiн өзiм жөндеп аламын", - дейдi иесі.

Еӊ қызығы, бұл көлiкке шетел азаматтары айрықша қызығушылық танытып отыр екен. Тiптi қомақты қаражатқа сатып алғылары келгендер де болыпты. Бiрақ, Ертай Илімбет бұл ұсыныстардан бас тартқанын айтады. Тек Аралға кино түсiруге келетiндерге көлiктi пайдалануға рұқсат бередi екен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны