11.08.2017, 15:56 4325

Қызылорда облысы аудандарында кенттер мен ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізілді

Қызылорда облысы аудандарында тамыз айыныӊ 7-9 аралығында өкілеттік мерзімі аяқталған 67 және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған 5 кент пен ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізілді.

Қызылорда. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы аудандарында тамыз айыныӊ 7-9 аралығында өкілеттік мерзімі аяқталған 67 және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған 5 кент пен ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізілді. Бүгін облыстық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Абайбек Жүнісов Өӊірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне осы сайлау қорытындысын жария етті.

Төрағаныӊ айтуынша сайлау 4 жыл сайын өтеді. Биылғы сайлауда әкімдікке ұсынылған 166 кандидаттыӊ 7-еуі тіркеуге дейін бас тартса, Қазалы ауданынан 10 үміткер тіркелгеннен кейін шығып қалды. Дауысқа 149 кандидат түсіп, оныӊ 72-сі таӊдаушылардыӊ көпшілік дауысына ие болып, әкім болып сайланды.

Осы 72 адамныӊ ішінде 50-і әкімдік қызметке қайта сайланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны