15.06.2017, 14:07 3588

Қызылорда облысы бойынша Байқоӊыр қалалық пробация қызметі сотталғандардыӊ тұрғылықты жерлеріне тексеру жұмыстарын жүргізді

Іс шара барысында екі сотталғанныӊ жаза өтеу талаптарын бұзғандығы анықталып, қалалық сотқа олардыӊ бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға ұсыныс жолданды

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Ертеӊ республикалық "Шартты түрде" профилактикалық іс-шарасы аяқталады. Аумақтық пробация қызметтерініӊ есебінде тұрғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардыӊ және қылмыстыӊ алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардыӊ тұрғылықты жерін анықтау мақсатын көздеген шарада Байқоӊыр қалалық пробация қызметі Ресей Федерациясыныӊ Ішкі істер басқармасыныӊ инспекторларын жұмылдырып, қызметкерлер күшейтілген қызмет түріне көшірілді.

Қызылорда облысы бойынша Байқоӊыр қалалық пробация қызметі және РФ Ішкі істер басқармасыныӊ учаскелік полиция бөлімшесінен инспекторлары сотталғандардыӊ тұрғылықты жерлеріне тексеру жұмыстарын жүргізді.

Іс шара барысында екі сотталғанныӊ жаза өтеу талаптарын бұзғандығы анықталып, қалалық сотқа олардыӊ бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға ұсыныс жолданды,- деп хабарлайды Н.С. БАЙМЫРЗАЕВ, әділет капитаны, Байқоӊыр қалалық ПҚ бөлім бастығы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны