09.06.2017, 18:21 5365

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жалған мәміле жасаудан сақ болуға шақырады

Соӊғы уақыттардыӊ тәжірибесі көрсетіп жүргендей, кей жағдайларда, ауызша келісім арқылы, салық төлеушініӊ сол жерде болған-болмағанын көрмей-ақ, азаматтарды куәгер ретінде тарту көбейіп барады. Мұндай фактілердіӊ ақыры жалған мәмілеге отыру немесе заӊсыз кәсіпкерлік қызметке әкеліп соғуы мүмкін.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жалған мәміле жасаудан сақ болуға шақырады.

Мекеменіӊ түсініктемесінде айтылғандай:

"Салықтық зерттеулер мен тексерулер жүргізу барысында, салық төлеушініӊ немесе оныӊ салық агентініӊ нақты мекен-жайын анықтау мақсатында куәгерлер тартылып, акт толтырылады.

Соӊғы уақыттардыӊ тәжірибесі көрсетіп жүргендей, кей жағдайларда, ауызша келісім арқылы, салық төлеушініӊ сол жерде болған-болмағанын көрмей-ақ, азаматтарды куәгер ретінде тарту көбейіп барады. Мұндай фактілердіӊ ақыры жалған мәмілеге отыру немесе заӊсыз кәсіпкерлік қызметке әкеліп соғуы мүмкін.

Егер Сіз, осындай жағдайларға тап болсаӊыз Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментініӊ Ішкі қауіпсіздік басқармасына 21-81-91 телефоны арқылы хабарласуыӊызға болады.

Өз құқығыӊызды қорғаӊыз, мемлекеттік орган қызметкерлерініӊ заӊсыз әрекеттеріне алданып қалмаӊыз",- деп ескертеді мекеме.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны