16.06.2017, 11:32 6167

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудыӊ 2021 жылға дейінгі жол картасы әзірленді

Сондай-ақ, облыс әкімдігініӊ Ахуалдық орталығында NEET санаттағы жастардыӊ модулі құрылуда.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылы "Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік жастар саясатын дамытудыӊ 2021 жылға дейінгі Жол картасы" әзірленді. Оған 10 бағыт бойынша 31 нысаналы индикатор енгізіліп отыр. Жол картасы аясында өӊірде жастар арасында қалыптасып отырған әлеуметтік проблемаларды кезеӊ-кезеӊімен шешу, табысты, бәсекеге қабілетті және ұлтжанды жас қазақстандықтарды қалыптастыру мақсатында салаларалық байланыс күшейтіледі.

Сонымен қатар, облыс әкімі жастар арасында құқық бұзушылықтыӊ алын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстыӊ өсуіне жол бермеу үшін "Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын" бекітті.

Жоспар аясында қылмыстыӊ алдын алу шараларын кеӊінен насихаттау үшін барлық ауданда кездесулер өткізіп, оған 6000-нан астам жас тартылды. Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылық алдын алу, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мақсатында түсіндірме жүргізіліп, арнайы әзірленген бейнероликтіӊ көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, облыс әкімдігініӊ Ахуалдық орталығында NEET санаттағы жастардыӊ модулі құрылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны