20.06.2017, 22:52 8336

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметініӊ мамандары "Қазтест" жүйесі бойынша сын тапсырды

Осы жылдыӊ 1 ақпан - 27 наурыз аралығында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Қызылорда облысыныӊ тілдерді оқыту орталығы арқылы "Қазтест" жүйесі бойынша курс ұйымдастырылып, нәтижесінде 20 қызметкер В1 орта деӊгейін дәлелдеген сертификатқа ие болды.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекеттік тіл - ұлт пен ұлысты біріктіретін бірден-бір фактор. Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудыӊ 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінде біршама жұмыстар атқарылып келеді. Қызметкерлерден тоқсанына бір рет диктант жұмысы алынып, нәтижесі тиісті орындарға жолданып отырады.

Сонымен қатар "Қазтест" жүйесі мемлекеттік тілді білу деӊгейін бағалаудыӊ еӊ тиімді тәсілі. Осы мақсатта 2014 жылдан бастап Департамент қызметкерлері сынақ тапсырып, деӊгейлерін біліп отырады.

Осы жылдыӊ 1 ақпан - 27 наурыз аралығында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Қызылорда облысыныӊ тілдерді оқыту орталығы арқылы "Қазтест" жүйесі бойынша курс ұйымдастырылып, нәтижесінде 20 қызметкер В1 орта деӊгейін дәлелдеген сертификатқа ие болды.

Курсты орталық оқытушысы Жаныгүл Ерекешова жүргізді. Сабақ барысында деӊгей анықтау, қорытынды тест жұмыстары алынды. Тыӊдалым, оқылым, жазылым, дағдаларын қалыптастыру жаттығулары бойынша тыӊдаушылар біршама ізденді. Сертификаттық тестілеуде кездесетін күрделі сұрақтар мен тесттердіӊ технологиясын, дұрыс жауаптарды табудыӊ жолдарын үйретті.

Исіресе диктант, мазмұндама, шығарма, жұмыстары қызметкерлердіӊ жазба жұмыстарына деген жауапкершілігін арттырды.

Тіл мәселесі қоғаммен бірге жасап, жаӊаратын күрделі құбылыс. Демек қоғам мен тіл егіз ұғым. Олай болса ана тіліміз тұғырлы болсын,- деп хабарлайды Р.МАМЕКОВА, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ әкімшілік-құқықтық бөлімініӊ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны