12.06.2017, 18:09 4320

Қызылорда облысы бойынша ҰБТ өткізілетін 9 тест орталығы жабдықталды

Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ҰБТ өткізілетін 9 тест орталығы талапқа сай техникалық қондырғылармен түгел жабдықталды. Бұл туралы облыс әкімі Қ. Көшербаевтыӊ төрағалығымен өткен жиында облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Б. Сайлыбаев мәлімдеді.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ҰБТ өткізілетін 9 тест орталығы талапқа сай техникалық қондырғылармен түгел жабдықталды. Бұл туралы облыс әкімі Қ. Көшербаевтыӊ төрағалығымен өткен жиында облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Б. Сайлыбаев мәлімдеді.

Тест орталығынан 50 шақырымнан қашық орналасқан шалғай елді мекендерден тасымалданатын оқушыларға қызмет көрсететін көліктер, ыстық тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етуге мемлекеттік сатып алу процесі жүргізілуде.

Жиында қала әкімі Н.Нәлібаев пен қоғамдық денсаулық сақтау департаментініӊ басшысы Ұ.Аханаева осы бағытта атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі 20-22 маусым аралығында өтетін ҰБТ сынағын жоғары талапқа сай өткізуді, бұл орайда қоғамдық қауіпсіздік шараларын қатаӊ қадағалауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны