26.10.2016, 12:35 3784

Қызылорда облысы ішкі істер департаменті шығармашыл тілшілердіӊ үздік жұмыстарын марапаттады

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ ұйымдастыруымен "Есірткісіз болашақ..." тақырыбында теледидар және баспасөз журналистері арасында үздік репортаж және мақала сайысы өткізілді, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, бұқара қауым арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және полиция қызметкерлерініӊ имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ ұйымдастыруымен "Есірткісіз болашақ..." тақырыбында теледидар және баспасөз журналистері арасында үздік репортаж және мақала сайысы өткізілді, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Сайысқа бірнеше үміткерлер қатысып, заманауи техникалық құралдардыӊ мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәлелді фактілермен, дәл және көркем жеткізе білді.

Құрылған комиссияныӊ шешіміне сәйкес, сайыстыӊ бас жүлдесін "ҚоғамТВ" телеарнасыныӊ редакторы Құлтанова Баян Рахатқызы қанжығасына байласа, ІІ орын иегері болып "ҚоғамТВ" телеарнасыныӊ тілшісі Бекарыстанов Тілеген Сқақұлы танылды. Ал ІІІ орынды "Bnews.kz" халықаралық ақпарат агенттігініӊ тілшісі, "Время" газетініӊ меншікті тілшісі, "Кому что?" газетініӊ редакторы Денисова Наталья Николаевна жеӊіп алды. Сонымен қатар, "Kyzylorda-news.kz" интернет газеті редакторыныӊ орынбасары Бекбан Шынар Алтынбекқызы мен тілшісі Жағыпарова Ақнұр Бөлегенқызыныӊ жұмыстары "Полиция сүйіспеншілігі" аталымына лайық деп танылса, "ҚоғамТВ" телеарнасыныӊ операторы Бәйімбетов Берік Ибдірахманұлы мен монтажерлары Раисова Индира Бақытқызы мен Исаев Жанас Сәдуұлыныӊ жұмыстары "Ынтымақтастық" аталымы бойынша марапатталды.

Жиын барысында ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ бастығы Ғ.Төлебаев сөз алып, жеӊімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтап, қаншалықты жұмысбасты болса да бұқара қауым арасында өзекті болып отырған есірткі мәселесін көтеріп, жастарды одан аулақ болуға шақырып, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытқаны үшін алғысын білдірді.

Барлық жеӊімпаздар мен жүлдегерлер департамент бастығыныӊ бағалы сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны