24.05.2017, 17:03 4245

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде Ашық есік күні өтті

Ағымдағы жылдыӊ 24 мамырында Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара полиция қызметініӊ ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып бұқара халықпен жақындастыруға, ішкі істер органдарыныӊ қызметін дәріптеп, Отанға қызмет етемін дейтін жастардыӊ қатарын көбейтуге бағытталған.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 24 мамырында Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара полиция қызметініӊ ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып бұқара халықпен жақындастыруға, ішкі істер органдарыныӊ қызметін дәріптеп, Отанға қызмет етемін дейтін жастардыӊ қатарын көбейтуге бағытталған.

Іс-шара аясында қала орталығындағы 15 мектептен келген 300-ге жуық оқушылар департаменттіӊ үлкен мәжіліс залына жиналды. Оларды қоғамдық тәртіптіӊ күзетінде тұратын полицей ағалары күтіп алып, оларға ішкі істер органдарындағы қызмет жүйесі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі жайлы мол ақпарат берерлік дәріс оқыды. Одан кейін нағыз полицей болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек екендіктерін түсіндіріп, қызмет барысындағы қызықты естеліктерімен бөлісті. Өздерініӊ ағалық ақыл-кеӊестерін айтты.

Шараға қатысушылар үшін департамент мұражайына және Жедел басқару орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердіӊ, ішкі істер органдары ардагерлерініӊ өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Бұдан кейін оқушылар топталып құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан Жедел жоспарлау орталығыныӊ ғимаратына барды. Қала өмірін, тыныс-тіршілігін көгілдір экраннан көрген жасөспірімдер таӊданыстарын білдірді.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлерініӊ қолданыстағы қару-жарақтары, техникалық құралдары, қызметтік кабинаттері таныстырылып, ішкі істер органдарында қызмет атқарған 102 ардагердіӊ және қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердіӊ аты қашалып жазылған ескерткіш тақта қойылған алаӊға апарды.

Шара соӊында оқушылар естелікке суретке түсіп, мол ақпарат алғандарын жеткізді,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны