04.07.2017, 13:08 3700

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында "Қош бол, студенттік жылдар" атты мерекелік салтанатты шара өтті

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық аграрлық-техникалық колледжде бітіруші түлектерге арналған "Қош бол, студенттік жылдар" атты мерекелік салтанатты шара өтті

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық аграрлық-техникалық колледжде бітіруші түлектерге арналған "Қош бол, студенттік жылдар" атты мерекелік салтанатты шара өтті. Жиында колледж директоры Исламбек Айекенов биылғы жылы колледжді бітірген 63 түлекке өзініӊ жылы лебізін айтты. Алған білімдерін алдағы уақытта ел экономикасын нығайтуға арнап, өздері қалаған мамандықтары арқылы туған елге адал қызмет етуге тілектестігін білдірді. Сонымен бірге, "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" бөлімін үздік тәмамдаған Айкерім Арыстанбекова мен Ақгүлім Құрмашқызына "Үздік аттестат", қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан бір топ озат бітіруші түлектерге алғыс хаттар табыстады.

Сондай ақ, ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Қаршыға Есдәулетов, "Атамекен" облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалыныӊ кеӊесші-менеджері лар түлектерге өздерініӊ жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, дипломдар тапсырса, ата-аналар комитетініӊ төрайымы Кенішкүл Спанова, топ жетекшілері Ұлтуған Жанақаева мен Алмагүл Жұмағалиева шәкірттеріне өздерініӊ ыстық ықылыстарын білдіріп, алдағы алар асуларына сәттілік тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны