12.06.2017, 18:28 3791

Қызылорда облысы Қармақшы ауданыныӊ тұрғындары халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесіне барады

Аудан тұрғындарын санаулы күндерден кейін Астана қаласында өтетін "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып-келуін қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы ауданы әкімдігі және "ТрансТурСервис-Қызылорда" ЖШС арасында автобус арқылы тасымалдау туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Аудан тұрғындарын санаулы күндерден кейін Астана қаласында өтетін "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне барып-келуін қамтамасыз ету мақсатында Қармақшы ауданы әкімдігі және "ТрансТурСервис-Қызылорда" ЖШС арасында автобус арқылы тасымалдау туралы меморандумға қол қойылған болатын. Меморандумға сәйкес "ТрансТурСервис-Қызылорда" ЖШС-гі аудан тұрғындарын Астана қаласына тасымалдауын ұйымдастыру үшін 50 орындық 4 автобус шығаруды, олардыӊ көрме жұмысы уақытында тұрақты жүруін қамтамасыз ету міндеттелген.

Бүгінгі күні, аудан әкімдігі тарапынан аталған көрмеге билет алған азаматтардыӊ тізімдері алынып, баратын күндері бойынша топпен барып-қайтуын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай ақ, аудандық білім бөлімі тарапынан бюджет есебінен баратын 219 оқушыныӊ және ата-ана қаржысы есебінен баратын 986 оқушыныӊ тізімдері жасақталды. Бюджет есебінен баратын 219 оқушылар 3 топқа бөлініп (1-топта 80 оқушы 10-15 маусым, 2-топта 80 оқушы 19-24 маусым, 3-топта 59 оқушы 26 маусым-1 шілде аралығы) барады. Сонымен қатар 25 ардагердіӊ де баруы жоспарланған. Айта кетейік, Елбасыныӊ тапсырмасымен толық реконструкциялаудан және жаӊғырту жұмыстарынан өткен Қорқыт ата ескерткіш кешені "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне келген қонақтарды қабылдайтын негізгі нысанныӊ бірі. Халықаралық көрме кезінде Қызылорда облысы 5 мыӊ шетелдік туристі қабылдамақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны