30.05.2017, 18:38 3806

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында мектепке дейінгі ұйымдар мәселесі талқыланды

Қызылорда қалалық білім бөлімініӊ мәліметі бойынша қаладағы мектепке дейiнгi балалар ұйымдарыныӊ саны 264. Оныӊ ішінде 206-сы жекеменшік балабақша, 32-сі жекеменшік шағын орталық,- деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мәселелері талқыланды.

Шараға балабақша құрылтайшылары мен меӊгерушілері, прокуратура өкілдері, қалалық білім бөлімініӊ басшысы мен облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшылығы қатысты.

Еӊ алдымен дөӊгелек үстелді ашып, жүргізген Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Ғалымбек Жақсылықов Палатаға жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардыӊ құрылтайшыларынан мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер көбейгендігі туралы мәліметтер көптеп түсіп жатқандығын жеткізді. Дөӊгелек үстел осы мәселеніӊ мән-жайын ашуға арналып отыр.

Нақтырақ айтқанда, талқылауды ұйымдастыруға білім саласында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардан түскен арыз себепші болып отыр.

Арызда мемлекеттік аудит, қалалық білім бөлімі тарапынан жүргізілген тексерулерден кейін мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама жеткіліксіз деген желеумен айыппұлдар салынып жатқандығы, 6 жасқа толып кеткен балаларға төленген мемлекеттік тапсырысты қайта алу шарасы жүргізіліп, мемлекеттік аудит қызметкерлері тарапынан заӊдық күші жоқ хабарламалар талап етіліп жатқандығы айтылған.

Дөӊгелек үстел барысында "Нұр Бөбек Орда" балабақшасыныӊ құрылтайшысы Гаухар Сәулебаева балабақшаныӊ 2015 жылдан бері мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс жасап келе жатқандығын, балабақша 70 орындық екендігін айта келе, осы жылдыӊ мамыр айында ішкі аудит маманыныӊ шақыртып, себебін түсіндірмей, ресми құжат ұсынбай, бюджетке 3 млн.600 мыӊ теӊге қайтару туралы ауызша айтқандығын жеткізді. Кәсіпкердіӊ айтуынша, қазіргі таӊда осы мәселе бойынша акт дайындалып, қол қоюын талап етіп отыр екен.

Осы жайттарды ескере келе, прокуратура өкілдері аталмыш мәселелердіӊ жіті зерттелетіндігін жеткізді.

Мұнан өзге, отырыста кәсіпкерлермен көтерілген және бір мәселе уәкілетті орган тарапынан 6 жасқа толып кеткен балаларға мемлекеттік тапсырысты төйлеуден бас тартып отырғандығы немесе төленген мемлекеттік тапсырысты қайтару туралы талап қойылып отырғандығы болды.

Бұл қадамға қалалық білім бөлімі қолданыстан шығып қалған нормативтік-құқықтық акті негізінде барғандығы белгілі болып, отырыс барысында заӊ бойынша мұндай шектеу қоюға негіз жоқ екендігі айтылды.

Айта кету керек, Қызылорда қалалық білім бөлімініӊ мәліметі бойынша қаладағы мектепке дейiнгi балалар ұйымдарыныӊ саны 264. Оныӊ ішінде 206-сы жекеменшік балабақша, 32-сі жекеменшік шағын орталық,- деп хабарлайды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны