11.05.2017, 15:50 6267

Қызылорда облысы Қазалы ауданынан Ұлы Отан соғысына 10770 азамат аттанған

Жалпы, Ұлы Отан соғысына Қазалы ауданынан 10770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардыӊ жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде 5 ардагер арамызда жүр.

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қазалы ауданыныӊ тұрғындары Жеӊіс күні мерекесінде алдымен орталық алаӊға жиналып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жерлестерді бір минут үнсіздікпен еске алған тұрғындарды аудан әкімі Нажмадин Шамұратов Ұлы Жеӊістіӊ 72 жылдық мерекесімен құттықтады.

Мұнан соӊ қолдарында соғыс ардагерлерініӊ суреттері бар "Жасампаз жасақ" шеруі орталық алаӊнан "Жеӊіс" саябағына дейін жүріп өтті. Шеру сапында Ұлы Отан соғысында қаза болған, елге оралып қайтыс болған ардагерлердіӊ ұрпақтары, батыр аналар мен жастар бар.

Салтанатты шара "Жеӊіс" саябағындағы "Тағзым" алаӊында жалғасты. Аудан басшысы бастаған қауым "Мәӊгілік алау" алдына гүл шоқтары қойып, ардагерлерге құрмет көрсетті.

Мереке Ұлы Жеӊістіӊ 72 жылдығына арналған концерттік бағдарламаға ұласып, тұрғындар жауынгерлік ботқадан дәм татты. Айта кетейік, биылғы Жеӊіс күні мерекесіне келген қазалылықтардыӊ қарасы қалыӊ болды.

Жалпы, Ұлы Отан соғысына Қазалы ауданынан 10770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардыӊ жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде 5 ардагер арамызда жүр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны