18.04.2017, 18:31 4213

Қызылорда облысы Қазалы ауданында №216 мектептіӊ қосымша құрылысы басталды

Қызылорда облысы Қазалы ауданыныӊ орталығы Ийтеке би кентінде орналасқан Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектептіӊ қосымша құрылысы басталды

Қызылорда. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қазалы ауданыныӊ орталығы Ийтеке би кентінде орналасқан Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектептіӊ қосымша құрылысы басталды.

Жаӊа корпуста спорт зал, асхана, шеберхана салынады.

Салтанатты шараға қатысқан "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары И.Құттықожаев білім саласына көрсетіліп жатқан қолдауларды айта келе, мектеп жанындағы қосымша құрылыстыӊ жұмысына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі Н.Шамұратов мектептіӊ тарихына тоқталып, білім ордасыныӊ 50 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар, салтанатты рәсімге мектеп ардагері Гүлжаһан Шалболова қатысып, батасын берді.

Айта кетейік, аталмыш мектеп 1966 жылы 28 ақпанда Қазалы аудандық халық депутаттары атқару комитетініӊ №66 шешімімен мектеп-интернат болып салынған. Қазіргі таӊда мектепте 800-ге жуық оқушы білім алуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны