20.06.2017, 22:36 8018

Қызылорда облысы Қазалы ауданында дін мәселесін талқыға салған семинар өтті

Семинарда аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ауданда діни экстремизмніӊ алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Облыс әкімініӊ орынбасары Р.Рүстемовтіӊ төрағалығымен Қазалы ауданында дін мәселесін талқыға салған семинар өтті. Cеминарда облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Айдын Қайруллаев "Зайырлы қоғам мен конфессияаралық келісім" туралы баяндамасында бұған дейін кез келген жерде сатылып немесе таратылып келген діни мазмұндағы кітаптарға және уағыз айтуға заӊмен қатаӊ тыйым салынғандығын баса айтты. Осындай көрініске куә болған жанныӊ ішкі істер органдары мен ішкі саясат басқармасына хабарлауы керектігін еске салды.

Ал белгілі теолог-маман Бақтияр Оспанов пен Оӊтүстік Қазақстан облысынан келген дінтаушы Ұлықбек Илиакбарұлы дәстүр мен дін сабақтастығын және дәстүрлі емес діни ағымдарды қалай анықтауға болатындығын түсіндірді.

Семинарда аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ауданда діни экстремизмніӊ алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны