18.04.2017, 18:33 4632

Қызылорда облысы Қазалы ауданында қос бірдей кітаптыӊ тұсаукесері өтті

Қызылорда облысы Қазалы ауданында "Қазалы ауданы энциклопедиясы" мен "Тәуелсіздік түлеткен - қасиетті Қазалы" кітаптарыныӊ тұсаукесер рәсімі болып өтті

Қызылорда. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қазалы ауданында "Қазалы ауданы энциклопедиясы" мен "Тәуелсіздік түлеткен - қасиетті Қазалы" кітаптарыныӊ тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Шараға "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары И.Құттықожаев арнайы қатысты.

Аудан әкімі Н.Шамұратовтыӊ бастамасымен жарық көрген "Қазалы ауданы энциклопедиясы" кітабында киелі Сыр өӊірініӊ жағалауын мекен етіп отырған өӊір халқыныӊ өткені мен бүгіні, болмыс-бітімі бейнеленген.

Ал "Тәуелсіздік түлеткен - қасиетті Қазалы" атты Қазақстан Республикасыныӊ 25 жылдығына арналған екінші кітапта ел Тәуелсіздігініӊ ширек ғасырлық мерейтойындағы атқарылған ауқымды істер мен ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендеуіне үлесін қосқан азаматтардыӊ толғамды ойлары, Қазалы ауданыныӊ құрметті азаматтары туралы деректер, сондай-ақ, Тәуелсіздікті өз жырына арқау еткен жас ақындардыӊ өлеӊдері берілген. Кешегі мен бүгінгі күнніӊ айғағындай болған фотобаяндар енгізілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны