23.05.2017, 14:31 4225

Қызылорда облысы Қазалы ауданында мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

Аудан әкімініӊ орынбасары А.Қаржаубаев ашып, жүргізіп отырған мәжілісте зейнетақы жүйесін жаӊғыртудыӊ негізгі бағыттары, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі, атаулы әлеуметтік көмектіӊ жаӊа форматын енгізу, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасыныӊ тиімділігі жөнінде жан-жақты айтылды.

Қызылорда. 23 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетініӊ Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ жұмысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспар аясында ақпараттық-насихаттық топ Қазалы ауданында болып, жұртшылықпен жүздесті.

Топ құрамындағы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысыныӊ орынбасары, Алтынкүл Есқараева, Қызылорда облысы бойынша "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ филиалыныӊ директоры Гүлсім Денеева, Қызылорда облысы бойынша еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысыныӊ орынбасары Лиман Боранбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ жұмыспен қамту бөлімініӊ басшысы Жанар Дәулетбаева мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, кеӊес берді.

Аудан әкімініӊ орынбасары А.Қаржаубаев ашып, жүргізіп отырған мәжілісте зейнетақы жүйесін жаӊғыртудыӊ негізгі бағыттары, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі, атаулы әлеуметтік көмектіӊ жаӊа форматын енгізу, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасыныӊ тиімділігі жөнінде жан-жақты айтылды.

Жалпы, халық өмірініӊ сапасын арттыру мәселесі мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттыӊ маӊызды міндеті болып келеді. Елбасы қолдауымен халықтыӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маӊызды әлеуметтік бағдарламалар қабылданды.

Мұныӊ бәрі халықтыӊ өмір сүру жағдайын жақсарту үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардыӊ әл-ауқаты артып, еӊсесі көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердіӊ қатарына, яғни алдыӊғы "отыздыққа" қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз үшінші жаӊғыруды еӊсеруі тиіс.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны