19.05.2017, 15:28 5735

Қызылорда облысы Қазалы ауданында ұлттық бірыӊғай тестілеуге дайындық пысықталды

Мәжілісте Ұлттық Біріӊғай тестілеуге дайындық барысы туралы баяндама жасаған аудандық білім бөлімініӊ басшысы А.Қасымова мектеп бітіруші 713 оқушыныӊ 458-і ҰБТ-ға қатысатынын хабарлады.

Қызылорда. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қазалы ауданыныӊ әкімі Нажмадин Шамұратовтыӊ төрағалығымен әкімдіктіӊ кезекті мәжілісі өтті.

Мәжілісте Ұлттық Біріӊғай тестілеуге дайындық барысы туралы баяндама жасаған аудандық білім бөлімініӊ басшысы А.Қасымова мектеп бітіруші 713 оқушыныӊ 458-і ҰБТ-ға қатысатынын хабарлады.

Мамыр айында алынған байқау сынағыныӊ қорытындысымен аудан бойынша орташа көрсеткіш 106,2 балды құрап отыр. 68 үміткер "Алтын белгі" белгісіне, 8 үміткер "Үздік аттестатқа", барлығы 76 оқушы үміткерлікке ұсынылуда.

Аудандық бюджеттен бөлінген 12,5 млн теӊгеге 329 оқушы "Қамбаш" балаларды сауықтыру орталығына жіберілді. Алда 171 оқушы дайындық жұмыстарын жүргізетін болады. Ал ҰБТ-ға қатысатын оқушыларды тасымалдауға, тамақтандыруға және жатын орынмен қамту үшін аудандық бюджеттен 2,0 млн. теӊге бөлінді.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Нажмадин Шамұратов сала басшысына ҰБТ тапсыруды ұйымдастыру, бітіруші түлектерді тестілеу өткізілетін пункттерге қауіпсіз жеткізу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Аудан әкімі өз сөзінде тестілеуде балалардыӊ моральдық-психологиялық тұрғыдан дайын болуы керектігін баса айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны