12.06.2017, 18:21 4355

Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті "Қарттарым- асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара өткізді

Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесі мен Қызылорда Еӊбек мекемесі басшылығыныӊ ұйымдастыруымен Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай "№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында "Қарттарым- асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесі мен Қызылорда Еӊбек мекемесі басшылығыныӊ ұйымдастыруымен Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығына орай "№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында "Қарттарым- асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік шарада сөз алған Қызылорда облысы Қылмыстық - атқару жүйесі департаменті арнайы есеп бөлімініӊ бас маманы, әділет подполковнигі Сәуле Баймырзаева мен "Еӊбек Қызылорда" филиалыныӊ директоры Ермахан Төребеков қарттарымызға деген құрметтіӊ азаймайтындығын, осындай игі шаралардыӊ дәстүрге айналуыныӊ өзі жастарымыздыӊ бойында адами құндылықтардыӊ қалыптасуына ықпал ететіндігін атап өтті. Сондай-ақ, Қызылорда облысы Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесініӊ бастығы, әділет подполковнигі Тасболат Қалымбетов №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығыныӊ директоры Лариса Кәрібаеваны мекеме атынан алғыс хатпен марапаттап, сый табыс етті.

Исем ән мен биден шашу шашып, киелі домбырадан күй төккен мекеме қызметкерлерініӊ өнерінен ерекше әсер алған қарттарымыз жоғары дәрежеде өткізілген мерекелік кешке шексіз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді,- деп хабарлайды А.БИКІРОВА, ЗК-169/5 мекемесініӊ мемлекеттік тілде іс жүргізушісі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны