12.07.2017, 16:01 4009

Қызылорда облысы орталығында тиісті орындардан жасақталған топ мүшелері рейд жүргізді

Қызылорда облысы орталығына рейд жүргізген тиісті орындардан жасақталған топ мүшелері құрылысы толық бітпей қараусыз қалған ғимараттар айналасында тазалық сақталмайтындығын анықтады

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы орталығына рейд жүргізген тиісті орындардан жасақталған топ мүшелері құрылысы толық бітпей қараусыз қалған ғимараттар айналасында тазалық сақталмайтындығын анықтады. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлайды.

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заӊыныӊ 16 бабында қаланыӊ әрбір азаматы өздерініӊ меншігіндегі (иелігіндегі, қолдануындағы) нысандарды нормативтік және эстетикалық талаптарға сәйкес ұстауы тиіс екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, нысан иесі өз қарауындағы жылжымайтын мүліктіӊ өзгелер үшін қауіпсіз болуына да баса назар аударуы тиіс.

Осыған байланысты арнайы топ өкілдері қаладағы жеке және заӊды тұлғаларға құрылыс айналасын таза ұстап, оларды заӊ талабына лайықтау қажеттігін ескертеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны