05.06.2017, 16:41 4247

Қызылорда облысы орталығында жөнделетін көшелер қатары көбейіп келеді

Осыған байланысты 2017 жылғы 3 маусымнан бастап Бұқарбай батыр мен Яссауи көшелері аралықтары уақытша жабылады.

Қызылорда. 5 маусым. Kazakhstan Today - Жыл өткен сайын Қызылорда облысы орталығында жөнделетін көшелер қатары көбейіп келеді. Биыл Қорқыт Ата көшесі осындай жөндеуден өтіп, оныӊ бойына аялдамалар мен тротуар салынуда. Осыған байланысты 2017 жылғы 3 маусымнан бастап Бұқарбай батыр мен Яссауи көшелері аралықтары уақытша жабылады.

Осыған орай, №2, 4, 7, 9, 10, 13, 16, 17, 22, 23, 24, 27, 28 қоғамдық көліктердіӊ жүру сызбасы өзгертілетін болады.

№2,4,7,9,10,16,23,27,28 бағыттағы қоғамдық көлігі Ийтеке би көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне түсіп №4,7,9,10,13,16,23,24,27 Төле би көшесімен әрі қарай өз бағытымен жүріп, №2,13,24,28 Бұқарбай батыр көшесі арқылы өз бағытына көшеді.

№17,22 қоғамдық көліктері Байтұрсынұлы көшесінен Төле би көшесіне түсіп әрі қарай өз бағытымен жүреді.

№9,15 қоғамдық көліктері Төле би көшесімен келіп Яссауи көшесіне түсіп әрі қарай өз бағытымен жүреді.

№24 бағыттағы қоғамдық көліктері Төле би көшесіне түсіп Яссауи арқылы өз бағытымен жүреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны