19.06.2017, 11:13 4046

Қызылорда облысы орталығындағы Е.Демесінов көшесі бойында көппәтерлі 4 үй салынуда

Бас жоспарға сәйкес бұл көшеде 50 пәтерлі 1 және 60 пәтерлі 3 үй салу көзделген. Сметалық құны 2 347 710 000 теӊгені құрайтын тұрғын үйлердіӊ құрылысын "Бақ-Береке 2030" медігер мекемесі жүргізуде.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясыныӊ мүшелері Е.Демесінов көшесі бойында салынып жатқан көппәтерлі үйлердіӊ құрылысымен танысты. Бас жоспарға сәйкес бұл көшеде 50 пәтерлі 1 және 60 пәтерлі 3 үй салу көзделген. Сметалық құны 2 347 710 000 теӊгені құрайтын тұрғын үйлердіӊ құрылысын "Бақ-Береке 2030" медігер мекемесі жүргізуде.

"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясыныӊ төрағасы Тілеуберген Шаутай мемлекеттік бағдарламалардыӊ жүзеге асуы партия өкілдерініӊ қатаӊ бақылауында екенін айтып, бөлінген қаржыныӊ тиімді әрі толық жұмсалуы, үйлердіӊ технологиялық талаптарға сай уақытылы аяқталуы керектігін мердігер мекеме басшылығына қатаӊ тапсырды.

"Тұрғын үйлер құрылысы ағымдағы жылдыӊ ақпан айында басталғандықтан күн райына байланысты бастапқыда баяу жүрді. Қазір қарқынды. Барлық талаптарды сақтап отырмыз. Жоспарға сәйкес тамыз айында аяқтап, пәтер кезегіндегі тұрғындарды қуантатын боламыз",- деді бас мердігер Айбек Ерназаров.

"Өткен жылы өӊірімізде "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында тұрғын үйлерге, тұрғын үй алаӊдарындағы инженерлік коммуналдық инфрақұрылым құрылысын жөндеу, жаӊғырту жұмыстарына ұлттық қордан бөлінген қаржы толық игеріліп тиісті мерзімде пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы тұрғын үй бойынша 1,6 млрд, инфрақұрылымдарға 2,8 млрд теӊге бөлініп игерілуде. Яғни бағдарлама аясындағы жұмыстарда атап айтарлық кемшілік жоқ. Партия тарапынан бақылау жұмыстары өз деӊгейінде жалғаса беретін болады",- деді тексеру барысында облыстық партия филиалыныӊ инспекторы Қуаныш Жареекев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны