30.03.2017, 16:07 5936

Қызылорда облысы Шиелі ауданыныӊ 2500 тұрғыны жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алады

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев 20 шиелілік тұрғынға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерініӊ құжаттарын тапсырды. Жаӊа "Береке" мөлтек ауданында - 300, жалпы аудан бойынша 2500 адам жер телімдерін алады.

Қызылорда. 30 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев 20 шиелілік тұрғынға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерініӊ құжаттарын тапсырды. Жаӊа "Береке" мөлтек ауданында - 300, жалпы аудан бойынша 2500 адам жер телімдерін алады.

Өзініӊ алғысөзінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев елді мекендердіӊ экономикасы мен ауыл тұрғындарыныӊ өмір сүру деӊгейін жақсарту жергілікті биліктіӊ алдағы уақытта да бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті.

- Бүгінде аймағымызды дамыту бойынша ауқымды істер атқарылуда. Наурыз мерекесі қарсаӊында облыс орталығында жаӊа мөлтек аудан пайдалануға берілді. Бүгін 300-ге жуық Шиелі тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері беріледі. Шиелі ауданында 7 мыӊға жуық адам баспана салу үшін жердіӊ кезегінде тұр. Енді тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақтан 2500 адамға жер телімдері берілетін болады,- деді облыс әкімі.

Өткен жылы Шиелі ауданыныӊ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден 3 млрд. теӊгеге жуық қаражат бөлінген. Жоба аясында Шиелі кентіндегі "Ақорда", "Бәйтерек", "Береке", "Шұғыла" мөлтек аудандарында және Ш.Қодаманов, Н.Бекежанов, Бидайкөл, Ы.Жақаев, Алғабас елді мекендерінде жалпы алаӊы 509 гектар жерге 256 шақырымдық инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны