26.06.2017, 09:04 3070

Қызылорда облысы Сырдария ауданында "Жас құтқарушы" сайысы өткізілді

Қызылорда облысы Сырдария ауданыныӊ төтенше жағдайлар бөлімініӊ ұйымдастыруымен №7 өрт сөндіру бөлімініӊ қызметкерлерімен бірлесе отырып Сырдария ауданы "Жалын" балалар тынығу лагеріндегі демалушы балалардыӊ қатысуымен "Жас құтқарушы" сайысы өткізілді.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Сырдария ауданыныӊ төтенше жағдайлар бөлімініӊ ұйымдастыруымен №7 өрт сөндіру бөлімініӊ қызметкерлерімен бірлесе отырып Сырдария ауданы "Жалын" балалар тынығу лагеріндегі демалушы балалардыӊ қатысуымен "Жас құтқарушы" сайысы өткізілді.

Демалушы балалардан құрылған 4 топ ("Зерде", "Сұӊқар", "Балдырған", "Жас ұлан",) 6 бөлімнен тұратын сайысқа қатысып, жарысқа жоғары дайындықпен келгенін көрсетті.

Сайыс барысында жас құтқарушылар өрт сөндірушілердіӊ жауынгерлік киімдерін уақытқа киюден жарысты. Арқан тартыс және жауынгерлік қанат жаю жарысы өтіп, балалар тақырыпқа орай салған суреттердіӊ мағынасын түсіндірді. Сайыстыӊ соӊғы бөліміне топ капитандары шығып, өздерініӊ өрт қауіпсізідігі саласында білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Сайыс нәтижесі бойынша 1-ші орынды "Жас ұлан", 2-ші орынды "Сұӊқар", 3-ші орынды "Зерде" командалары иеленіп, оларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. "Балдырған" командасы да белсене қатысқаны үшін марапатталып, "Сұӊқар" командасыныӊ мүшесі Иділ Дастанға "Үздік жас құтқарушы" номинациясы табысталды.

Қызылорда облысыныӊ халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі кешенді жоспар қабылданған болатын.

Жоспар аясында 32884 жұмыссыз бен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар еӊбекке тартылатын болады. Есепті кезеӊге мемлекеттік, салалық және өӊірлерді дамыту бағдарламалар шеӊберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 9920 адам қамтылды.

Бірінші қаӊтар мен 1 мамыр аралығында 9 мекемеден 232 адам жұмыстан қысқартылды. 616 адам ақысыз еӊбек демалыста, 286 толық емес жұмыс уақытымен қамтылған. Сонымен қатар өз еркімен жұмыстан босаған азаматтардыӊ саны - 64.

Сонымен қатар 314 адам өз бетінше жұмыс тапты. 161 мекеме мен ұйымдағы әлеуметтік жұмыс орнына 490 адам жіберілді.

- Есепті кезеӊде жастар арасынан 712 жұмыссыз жастар практикасы бойынша мекемелер мен ұйымдарға жіберіліп, қоғамдық жұмыспен 2737 адам қамтылды- дейді басқарма басшысыныӊ міндетін атқарушы А. Есқараева.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны