14.06.2017, 13:30 4115

Қызылорда облысы Сырдария ауданыныӊ әкімі ауданныӊ құрметті азаматын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қызылорда облысы Сырдария ауданыныӊ әкімі Ғанибек Қазантаев аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы, "Сырдария ауданыныӊ Құрметті азаматы" Хайролла Ибенұлын қабылдап 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Сырдария ауданыныӊ әкімі Ғанибек Қазантаев аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы, "Сырдария ауданыныӊ Құрметті азаматы" Хайролла Ибенұлын қабылдап 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Мерейтойлық қабылдау барысында аудан басшысы Ғанибек Қонысбекұлы өнегелі өмір иесі Хайролла Ибенұлыныӊ жүріп өткен жолы, атқарған еӊбектері көпшілікке үлгі екенін айтып, игі тілектерін білдірді. Сонымен бірге, мерейтой иесініӊ иығына шапан жауып, құттықтау хат табыс етті.

Қабылдау барысында мерейтой иесініӊ замандастары Рақымжан Бәйменов, Бақытжан Сауытбаев, Ибрагим Икімжанов, Алма Бақтиярова, Ұлмекен Жанәлиева және "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Марат Омаровтар , ғибратқа толы ғұмыр иесін құттықтады.

Өз кезегінде Хайролла Ибенұлы аудан басшысы Ғанибек Қонысбекұлына құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны