14.06.2017, 13:45 3763

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары Арай - Sunrise жазғы лагерінде үгіт-насихат шарасын өткізді

Аталған іс-шараныӊ басты мақсаты - балалардыӊ судағы қауіпсіздік туралы білімдерін жетілдіру, өрт қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу, қауіпті жағдайға тап болғанда дұрыс әрекет етуге және басқаларға көмек көрсетуге баулу болып табылады.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - Жазғы лагерь - ойындар мен мерекелерге толы бейғам демалыс уақыты. Лагерьде демалушы балалар өз ауысымы кезінде ұйымдастырылатын іс-шараларды ерекше қызығушылықпен күтеді. Бірақ жұрттыӊ көбі дарияға, ашық су айдындарына түсетін жазда оларды қызықпен қатар қауіп те күтіп тұрғанын ұмытпаған жөн. Осыған орай, 2017 жылдыӊ 13 маусымында Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және "ӨСжАҚЖ" қызметініӊ мамандары "Арай - Sunrise" жазғы лагерінде ауқымды үгіт-насихат шарасын өткізді.

Аталған іс-шараныӊ басты мақсаты - балалардыӊ судағы қауіпсіздік туралы білімдерін жетілдіру, өрт қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу, қауіпті жағдайға тап болғанда дұрыс әрекет етуге және басқаларға көмек көрсетуге баулу болып табылады. Жасақ құтқарушылары өз қызметініӊ ерекшеліктері жайлы айтып берді. Сонымен қатар, сүӊгу жабдықтарын көрсетіп, қандай жағдайға арналған және қолдану тәсілдерімен егжей - тегжейлі таныстырды. Балалардыӊ назарына іліккен құралдіӊ бірі акваланг болды. Қалаған оқушы жабдықтармен жақынырақ танысып, қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Жасақ құтқарушылары судағы қауіпсіздік ережелері туралы ескерту үнпарақшаларын таратты.

Балалар оқыту процесіне бар ынтасымен қатысты. Лагерь ұжымы мен оқушылар үшін бұл іс-шара жаӊалықтармен танымды ақпаратқа толы болды,- деп хабарлайды Оӊтүстік өӊірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны