16.06.2017, 11:29 5310

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті су қоймаларында қайғылы жағдайларды болдырмау жолдарын көрсетеді

Судағы қайғылы жағдайға ұшырамас үшін, суда өзін-өзі ұстаудыӊ қарапайым ережесін сақтау керек

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті су қоймаларында қайғылы жағдайларды болдырмау жолдарын көрсетеді.

Судағы қайғылы жағдайға ұшырамас үшін, суда өзін-өзі ұстаудыӊ қарапайым ережесін сақтау керек:

- тыйым салынған жерлерге шомылуға болмайды;

- өзіӊізге таныс емес жерде шомылмаған жөн;

- шектейтін белгілерден асып сүӊгімеӊіз, суға көпірлерден, жағалаудағы

бөгетшелерден секірмеӊіз;

- шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаӊыз;

- өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп бармаӊыз;

- мас күйінде шомылуға болмайды.

Егер Сіз қайықта болсаӊыз:

- құтқару құралдарысыз қайықты пайдаланбаӊыз;

- 14 жасқа дейінгі балаларға жүзу құралдарын (қайық, катер) қолдануға рұқсат етпеӊіз;

- қараӊғы батысымен қайықты қолданбаӊыз;

- қайықтан суға сүӊгімеӊіз, суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаӊыз;

- кішігірім қайықта тік тұрмаӊыз;

- қайықтыӊ ернеуіне және басқы бөлігіне отырмаӊыз;

- техникалық паспортта көрсетілген мөлшерден тыс жолаушылар

мен жүкті алмаӊыз;

- мас күйінде қайықпен жүзбеӊіз;

- қараусыз қалған және техникалық жөндеуге келмейтін қайықтарды қолданбаӊыз.

Осы ережелерді сақтамау су қоймаларында жиі қайғылы жағдайдыӊ болуына әкеліп соқтырады.

Ақпарат ретінде: 2016 жылы суда 35 адам қаза болды оныӊ 13-і балалар. Ағымдағы жылы 7 адам қаза болды, оныӊ 3-і бала,- деп хабарлайды Ернұр РАЙЫМБЕКОВ, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардыӊ алдын алу бөлімініӊ бастығы. азаматтық қорғау майоры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны