24.04.2017, 15:28 3722

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ 2017 жылғы бірінші тоқсандағы қызметі қорытындыланды

Жиында өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығыныӊ орынбасары, азаматтық қорғау майоры Р.Малдыбаев есепті кезеӊдегі орын алған өрттердіӊ саны мен шығу себебін өткен жылдыӊ осы мерзімімен салыстырмалы түрде баяндады.

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержановтыӊ төрағалығымен құрылым бөлімшелерініӊ 2017 жылғы бірінші тоқсандағы қызметтерін қорытындылау және алдағы кезеӊге қойылған міндеттерге арналған жедел кеӊес өтті.

Кадр жұмысы бөлімініӊ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі М.Қобландиев атқарған жұмыстары туралы баяндап, Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша үгіт - насихат жұмыстарына, азаматтық қорғау қызметкерлерін тестілеу нәтижесіне тоқталды. Өрт сөндіру қызметі мен департамент бөлімшелері жеке құрамыныӊ әскери қызметтік тәртібі бойынша мәселелер қаралды.

Жиында өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығыныӊ орынбасары, азаматтық қорғау майоры Р.Малдыбаев есепті кезеӊдегі орын алған өрттердіӊ саны мен шығу себебін өткен жылдыӊ осы мерзімімен салыстырмалы түрде баяндады. Жыл басынан облыста 95 өрт тіркеліп (2016 жылы - 106), 21 256 000 теӊге материалдық шығын келген. Өткен жылдыӊ осы мерзімінде өрттен 6 адам қаза болса, 2017 жыл басынан бері өрт кезінде адам қазасы тіркелген жоқ.

Штаб тобыныӊ бас маманы, азаматтық қорғау майоры Қ.Тілесов өз хабарламасында ақпараттарды уақытылы жолдау, сараптамалық құжаттарды сауатты дайындау және кешенді тексеру кезінде анықталған кемшіліктер мен ескертпелерді жою жайлы айтты.

Кеӊес соӊында бөлімше басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны