06.06.2017, 16:27 3891

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ ұйымдастыруымен өрт қауіпсіздігі айлығы жүріп жатыр

Іс - шараларды өткізу кезінде азаматтық қорғау қызметкерлері тұрғындарға "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы" нұсқаулықтар және жадынамалар таратады.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігін күшейту, өрттіӊ алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасыныӊ 2014 жылғы 11 сәуірдегі 188-V Заӊыныӊ 15 - бабына сәйкес, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы 2017 жылғы 18 мамырда "Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы" № 92 бұйрыққа қол қойды. Осыған сәйкес, ағымдағы жылғы 22 мамырдан бастап 22 маусым аралығында облыс аумағында тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.

Тұрғын секторда өрттіӊ алдын алу шараларын өткізуге департаменттіӊ, Қызылорда қаласы ТЖБ мен аудандық ТЖ бөлімдерініӊ қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімдерініӊ жеке құрамы, Жергілікті полиция қызметкерлері, газ шаруашылығы жұмысшылары, пәтер иелері кооперативтері және БАҚ өкілдері жұмылдырылуда.

Іс - шараларды өткізу кезінде азаматтық қорғау қызметкерлері тұрғындарға "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы" нұсқаулықтар және жадынамалар таратады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны